Қоғам

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртауда" аза тұту күні болып жарияланды

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Қаза болған кеншілер
Қаза болған кеншілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да 20 тамыз аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы компанияның сайты хабарлады.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский компания ұжымы атынан қаза тапқан кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Бұл қаза бәріміз үшін ауыр қайғы. Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі", - деді Яблонский.
Еске салсақ, 17 тамыз "Қазақстан" шахтасында өрт болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың 222-сі құтқарылды. Өкінішке қарай бес шахтер қаза болды.
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Қоғам
Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты
Жаңалықтар
0