https://sputnik.kz/20230819/shakhtadagy-apat-tortinshi-kenshinin-denesi-tabyldy-37801629.html
Шахтадағы апат: төртінші кеншінің денесі табылды
Шахтадағы апат: төртінші кеншінің денесі табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында қаза болған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ... 19.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-19T18:25+0500
2023-08-19T18:25+0500
2023-08-19T18:25+0500
қоғам
шахта
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37749013_0:0:1278:719_1920x0_80_0_0_2f1c2c7c3beac37c5fe620cfffe12b55.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында қаза болған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.1994 жылғы Артур Халиков 4 разрядты жерасты электршебері болып жұмыс істеген. Еңбек өтілі 10 жыл."АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.Өрт кезінде жер астында қалған бесінші шахтер әлі іздестіріліп жатыр.Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 адам болған, оның 222-сі құтқарылды. Жер астында қалған бес кеншінің төртеуінің денесі табылды.Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда апат болған шахтаға барды. Үкімет басшысы қаза болған кеншілердің отбасына мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20230819/qazaqstan-shakhtasy-ort-qaza-tapqan-ush-kenshinin-aty-zhoni-zhariyalandy-37800048.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37749013_0:0:960:719_1920x0_80_0_0_2eca0e913061fe519fb8581fd1fc448d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
Шахтадағы апат: төртінші кеншінің денесі табылды
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында қаза болған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
1994 жылғы Артур Халиков 4 разрядты жерасты электршебері болып жұмыс істеген. Еңбек өтілі 10 жыл.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Өрт кезінде жер астында қалған бесінші шахтер әлі іздестіріліп жатыр.
Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 адам болған, оның 222-сі құтқарылды. Жер астында қалған бес кеншінің төртеуінің денесі табылды.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда апат болған шахтаға барды. Үкімет басшысы қаза болған кеншілердің отбасына мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.