Қоғам

"Қазақстан" шахтасында өрттен қаза тапқан үш кеншінің аты-жөні жарияланды

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Қаза болған шахтерлер
Қаза болған шахтерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. АрселорМиттал Теміртау "Қазақстан" шахтасында көз жұмған үш кеншінің аты-жөнін жариялады.
Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылғы, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.
"Тағы екі шахтерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалуда", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылды. Үш адамның денесі табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда апат болған шахтаға барды. Үкімет басшысы қаза болған кеншілердің отбасына мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Смаилов провел совещание по ситуации на АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Қоғам
Смайылов шахтадағы апатқа кім кінәлі екенін айтты
Жаңалықтар
0