Қоғам

Алматыда дизельді автобустар газға ауыстырылады

© Photo : Пресс-служба акима АлматыДизельді автобустар жаңартылады
Дизельді автобустар жаңартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Жазылу
Дизельді көліктердің орнына желіге газбен жүретін автобустар шығады
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматыда дүйсенбіден бастап бірнеше қалалық маршрутта автобустардың саны екі есеге артады, деп хабарлады қала әкімдігі.
"№24 маршрутта бұрын 6 дизельді автобус жүретін. Оның орнына енді 12 жаңа газ автобусы қатынайды", - делінген әкімдік хабарламасында.
© Photo : Пресс-служба акима АлматыАлматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылады
В Алматы обновляют дизельные автобусы на городских маршрутах - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылады
Бұл бағыт жолаушылардың сұранысымен ұзартылды. Енді ол Саин – Момышұлы – Төле би – Розыбакиев көшесі – Солтүстік айналма бағытымен Өжет шағын ауданына дейін жүретін болады. Жаңартудан кейін қозғалыс аралығы 20 минуттан 12-13 минутқа дейін қысқарады.
Басқа бағытта – №125 маршрутта бұрын 6-7 дизельді автобус жүретін. Дүйсенбіден бастап 10 жаңа газ автобусы жолға шығады, ал аралық 40 минуттан 18 минутқа дейін қысқарады.
© Photo : Пресс-служба акима АлматыАлматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылады
В Алматы обновляют дизельные автобусы на городских маршрутах - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылады
"Барлық жаңа автобустың сыйымдылығы орташа, он метрлік, едені төмен, мүгедектігі бар жандарға жағдай жасалған. Кондиционерлеу жүйесімен және пешпен жабдықталған", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Қала билігі биыл 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алды. 100 автобус қазіргі күні қалаға жеткізілді және құжаттар рәсімделгендіктен желіге шығады. Қалған автобустарды қалаға жыл соңына дейін жеткізу жоспарланған, деп толықтырды әкімдік.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Өңірлер
Алматыда күзге дейін 100 жаңа автобус жолға шығады
Жаңалықтар
0