Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды

© PhotoТри года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования
Три года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған мектептер.
Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.
Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Қоғам
Білім саласындағы жемқорлық: Антикор 102 қылмыстық істі тергеп жатыр
Жаңалықтар
0