Қоғам

Білім саласындағы жемқорлық: Антикор 102 қылмыстық істі тергеп жатыр

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
Шығын 8 млрд теңгеге жуықтайды
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан бойынша білім саласында 102 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласында ауқымды жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемаларды анықтады.
"Бүкіл республика бойынша жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында білім беру саласында тұтас қылмыстық схемалар ашылды. Алматы, Шымкент және Талдықорған қалалары, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тергелуде", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, мектеп директорлары мен бухгалтерлері бухгалтерлік есеп жүйелерінің қазынашылықпен және басқа да деректер базасымен интеграцияланбағанын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған. Оларға білім бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік аудиторлар қамқорлық көрсеткен.
"Бүгінгі таңда еліміз бойынша алдын ала 7,9 млрд теңге шығынмен білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген", - дейді Антикор.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Білім беру саласындағы жемқорлықтан үш жылда 11 млрд теңге шығын келген
Жаңалықтар
0