https://sputnik.kz/20230623/bilim-salasyndagy-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyru-tasilderi-anyqtaldy-36280428.html
Білім беру саласындағы жемқорлықтан үш жылда 11 млрд теңге шығын келген
Білім беру саласындағы жемқорлықтан үш жылда 11 млрд теңге шығын келген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Соңғы үш жылда білім беру саласындағы жемқорлықтың салдарынан мемлекетке шамамен 11 млрд теңге залал келген, оның 5,2 млрд теңгесі... 23.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-23T15:50+0500
2023-06-23T15:50+0500
2023-08-10T14:44+0500
сыбайлас жемқорлық
білім
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Соңғы үш жылда білім беру саласындағы жемқорлықтың салдарынан мемлекетке шамамен 11 млрд теңге залал келген, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді. Бұл туралы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде анықталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.Тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді.Мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталды. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелді.Мәселен, жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері ашылды:Жоғарыда аталған барлық жымқыру әдістері бір схема арқылы жүзеге асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай, қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі.Мұндай манипуляциялар мектептің аталған бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жүзеге асқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, білім
сыбайлас жемқорлық, білім
Білім беру саласындағы жемқорлықтан үш жылда 11 млрд теңге шығын келген
15:50 23.06.2023 (жаңартылды: 14:44 10.08.2023) АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Соңғы үш жылда білім беру саласындағы жемқорлықтың салдарынан мемлекетке шамамен 11 млрд теңге залал келген, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді. Бұл туралы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде анықталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді.
Мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталды. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелді.
Мәселен, жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері ашылды:
Қызметкердің жалақысына оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп ақша аударған;
Жалақы мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға аударылған;
Қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегі көрсетілген;
Бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет аударған;
Олар ақшаны "өлі жандарға" - туыстары мен жақындарына аударған.
Жоғарыда аталған барлық жымқыру әдістері бір схема арқылы жүзеге асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай, қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі.
Мұндай манипуляциялар мектептің аталған бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жүзеге асқан.