https://sputnik.kz/20230817/ministrlik-sanktsiya-qazaqstandyq-kompaniya-malimdeme-37749927.html
Министрлік санкцияға іліккен қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады
Министрлік санкцияға іліккен қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, компанияның қызметі 2021 жылдан бері тоқтатылған 17.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-17T14:02+0500
2023-08-17T14:02+0500
2023-08-17T14:04+0500
экономика
компания
санкция
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_2925919bb192417f961256540e52eada.jpg
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі "Defence Engineering" компаниясын АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне енгізгенін растады.ҰЭМ хабарлағандай, кәсіпорын Астанада тіркелген. Бүгінде оның қызметі белсенді емес.Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, компанияның қызметі 2021 жылғы 14 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.Ведомство ақпаратынша, бұл адам 2020 жылғы 7 наурызда Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Одан кейін елге кірмеген.Министрлік Мкртычевтің басқа юрисдикцияларда тіркелген тағы екі компаниясы санкцияға іліккенін атап өтті."Біз батыстағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бұл компания бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп сендірді министрліктегілер.Бұған дейін АҚШ "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" Қазақстан, Ресей және Словакиядағы үш компанияға қатысты санкция енгізгені хабарланған болатын. Америкалық Қаржы министрлігінің мәліметінше, үш фирманың да Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бар.
https://sputnik.kz/20230817/qazaqstandyq-kompaniya-soltustik-koreyamen-baylanysy-ushin-aqsh-tyn-sanktsiyasyna-ilikti-37737584.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_00718b12225d5d0b831459b22d568dbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, санкция, мәлімдеме
компания, санкция, мәлімдеме
Министрлік санкцияға іліккен қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады
14:02 17.08.2023 (жаңартылды: 14:04 17.08.2023) Қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, компанияның қызметі 2021 жылдан бері тоқтатылған
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі "Defence Engineering" компаниясын АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне енгізгенін растады.
ҰЭМ хабарлағандай, кәсіпорын Астанада тіркелген. Бүгінде оның қызметі белсенді емес.
Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, компанияның қызметі 2021 жылғы 14 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.
"Біз компанияның санкциялар тізіміне енгізілуін оның иесі Ашот Мкртычевтің АҚШ санкциясында болуымен байланыстырамыз. Айта кетері, Мкртычев Қазақстан резиденті емес. Компанияның санкциялар тізіміне енгізілуі техникалық сипаттағы жәйт", - делінген ұлттық экономика министрлігінің мәлімдемесінде.
Ведомство ақпаратынша, бұл адам 2020 жылғы 7 наурызда Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Одан кейін елге кірмеген.
Министрлік Мкртычевтің басқа юрисдикцияларда тіркелген тағы екі компаниясы санкцияға іліккенін атап өтті.
"Біз батыстағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бұл компания бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп сендірді министрліктегілер.
Бұған дейін АҚШ "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" Қазақстан, Ресей және Словакиядағы үш компанияға қатысты санкция енгізгені хабарланған болатын. Америкалық Қаржы министрлігінің мәліметінше, үш фирманың да Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бар.