https://sputnik.kz/20230817/qazaqstandyq-kompaniya-soltustik-koreyamen-baylanysy-ushin-aqsh-tyn-sanktsiyasyna-ilikti-37737584.html
Қазақстандық компания "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті
Қазақстандық компания "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті
Sputnik Қазақстан
Американың қаржы министрлігі Қазақстан, Ресей және Словакиядағы үш компанияға қарсы санкция жариялады 17.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-17T08:28+0500
2023-08-17T08:28+0500
2023-08-17T08:28+0500
әлем
санкция
ақш
солтүстік корея
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37737007_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_242d5dbbaffc2f0d7f686c6c1c581da5.jpg
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандық компания "КХДР-мен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті, деп хабарлайды америкалық Қаржы министрлігі."Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді", - делінген хабарламада.Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде "қару-жарақ пен оқ-дәрінің жиырма шақты түрін" жеткізуге уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік "Верус" ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.Әдетте қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді."Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған", - делінген АҚШ қаржы министрлігінің хабарламасында.
https://sputnik.kz/20230720/aqsh-qyrgyzstanga-sanktsiya-salmaq-qazaqstanga-alandauga-negiz-bar-ma-36900500.html
ақш
солтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37737007_57:0:2788:2048_1920x0_80_0_0_961d2d1769f6055e40da7961c41b1143.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
санкция, ақш, солтүстік корея
санкция, ақш, солтүстік корея
Қазақстандық компания "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті
Американың қаржы министрлігі Қазақстан, Ресей және Словакиядағы үш компанияға қарсы санкция жариялады
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандық компания "КХДР-мен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті, деп
хабарлайды америкалық Қаржы министрлігі.
"Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді", - делінген хабарламада.
Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде "қару-жарақ пен оқ-дәрінің жиырма шақты түрін" жеткізуге уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.
Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік "Верус" ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.
Әдетте қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді.
"Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған", - делінген АҚШ қаржы министрлігінің хабарламасында.