Арменияда ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Отырыс 24 тамызға жоспарланған
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Арменияның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Отырысқа одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысатыны атап өтілді.
"Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы 24 тамызда Арменияда өтеді", — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бұған дейінгі отырысы 8 маусымда Сочиде өткен болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді
Жаңалықтар
0