https://sputnik.kz/20230816/elordada-taldykoldin-tagdyry-talqylandy-37730299.html
Елордада Талдыкөлдің тағдыры талқыланды
Елордада Талдыкөлдің тағдыры талқыланды
Sputnik Қазақстан
Елорданы инфрақұрылым нысандарына жаяу жететіндей етіп бөлу жоспарланып жатыр 16.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-16T16:30+0500
2023-08-16T16:30+0500
2023-08-16T16:49+0500
елорда
экология
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36725553_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_a51d20915aa5a109ee6f51f94623c9b6.jpg
АСТАНА, 16 тамыз - Sputnik. Астанада 2035 жылға дейінгі бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Елорданың сарапшылары мен бей-жай қарамайтын тұрғындары қаланың келбетін жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтты."Астана қаласындағы қоршаған орта жағдайының базалық сценарийі және оның 2035 жылға дейінгі өзгеру болжамы" есебін әзірлеуші Анатолий Пинигин Талдыкөл көлінің бөлінген бөліктерін қосуды ұсынды.Ол бастапқыда 20 гектар көлді сақтау жоспарланғанын атап өтті."Бұл жақсы емес. Құтқаруға болатын барлық нәрсені сақтау керек. Өкінішке орай, жоғарғы көлдер қазірдің өзінде жойылып жатыр", - деп қосты сарапшы.Оның айтуынша, бүгінде елорданың жасыл аймағы 16 мың гектарды құрайды, 2035 жылға қарай оны 40 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.Жаңа бас жоспарға сәйкес, елорда148 жоспарлау секторына бөлінеді."Жоспарлау секторы - бірнеше тұрғын аудандардан тұратын ірі қалалық аймақ. Жоспарлау секторының қағидаттары - жалпы білім беретін мектептердің, балабақшалардың жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі, балалардың көлік қозғалысы қарқынды жалпықалалық магистральдарды кесіп өтуіне жол бермеу. Қала халқын, оның ішінде балаларды, қарттарды, халықтың мобильділігі төмен топтарын жаяу жүргіншілерге қауіпсіз қолжетімділік радиусында қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз ету",-деп баяндады "Астанагенплан" ғылыми-зерттеу жобалау институты" ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов.2035 жылға қарай елордада 164 жалпы білім беретін мектеп, 93 мемлекеттік денсаулық сақтау объектілері, 17 өрт сөндіру депосы салынады.Екі жыл бұрын экобелсенділер Талдыкөлдің тағдырын айтып, дабыл қақты. Өйткені әкімдік Талдыкөлді толтыра бастаған болатын. Бұл жер көптеген жылдар бойы аққулардың мен қоқиқаздардың мекені болған жер. Кейін Нұр-сұлтан әкімдігі көлді экожүйесін бұзбай табиғи саябаққа айналдыруға уәде берді.
https://sputnik.kz/20210907/Nur-Sultan-Kishi-Taldykol-18056370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36725553_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5bdb995e9cda0b1237d474b669a96c81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, экология
Елордада Талдыкөлдің тағдыры талқыланды
16:30 16.08.2023 (жаңартылды: 16:49 16.08.2023) Елорданы инфрақұрылым нысандарына жаяу жететіндей етіп бөлу жоспарланып жатыр
АСТАНА, 16 тамыз - Sputnik. Астанада 2035 жылға дейінгі бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Елорданың сарапшылары мен бей-жай қарамайтын тұрғындары қаланың келбетін жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
"Астана қаласындағы қоршаған орта жағдайының базалық сценарийі және оның 2035 жылға дейінгі өзгеру болжамы" есебін әзірлеуші Анатолий Пинигин Талдыкөл көлінің бөлінген бөліктерін қосуды ұсынды.
""Талдыкөлді ары қарай тереңдету керек. Сонда су басу қаупі сейіледі", - деп түсіндірді Пинигин.
Ол бастапқыда 20 гектар көлді сақтау жоспарланғанын атап өтті.
"Бұл жақсы емес. Құтқаруға болатын барлық нәрсені сақтау керек. Өкінішке орай, жоғарғы көлдер қазірдің өзінде жойылып жатыр", - деп қосты сарапшы.
Оның айтуынша, бүгінде елорданың жасыл аймағы 16 мың гектарды құрайды, 2035 жылға қарай оны 40 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Жаңа бас жоспарға сәйкес, елорда148 жоспарлау секторына бөлінеді.
"Жоспарлау секторы - бірнеше тұрғын аудандардан тұратын ірі қалалық аймақ. Жоспарлау секторының қағидаттары - жалпы білім беретін мектептердің, балабақшалардың жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі, балалардың көлік қозғалысы қарқынды жалпықалалық магистральдарды кесіп өтуіне жол бермеу. Қала халқын, оның ішінде балаларды, қарттарды, халықтың мобильділігі төмен топтарын жаяу жүргіншілерге қауіпсіз қолжетімділік радиусында қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз ету",-деп баяндады "Астанагенплан" ғылыми-зерттеу жобалау институты" ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов.
2035 жылға қарай елордада 164 жалпы білім беретін мектеп, 93 мемлекеттік денсаулық сақтау объектілері, 17 өрт сөндіру депосы салынады.
Екі жыл бұрын экобелсенділер Талдыкөлдің тағдырын айтып, дабыл қақты. Өйткені әкімдік Талдыкөлді толтыра бастаған болатын. Бұл жер көптеген жылдар бойы аққулардың мен қоқиқаздардың мекені болған жер. Кейін Нұр-сұлтан әкімдігі көлді экожүйесін бұзбай табиғи саябаққа айналдыруға уәде берді.