Досаев Ақкенттегі өрттен адамдарды құтқарған азаматтарға "Ерлігі үшін" медалін тапсырды

© Sputnik / Айдана Дайырова Ақкенттегі өрт
 Ақкенттегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Алматының "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталған болатын. Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгін сол наградаларды президенттің атынан тапсырды.
"Ерлігі үшін" медалімен марапатталғандар:
Ахметханов Тілеужан – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
Гюнай Шюкрю – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
Исмаилов Эльдар – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
Мамедов Кенан – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
Романов Вадим – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Еске сала кетейік, Алматыдағы Ақкент ықшам ауданында 16 қабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды.
Награждение в Акорде к Дню Независимости - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Ақкенттегі өрт: Тоқаев ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады
Жаңалықтар
0