Алматыда Qnet-тің филиал басшылары ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
Қаржы пирамидасына тартылған 45 салымшы 75 млн теңгеден айырылған
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында Qnet қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарған бес адам тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін "Qnet" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған. Оған тартылған 45 салымшы 75 млн теңгеден айырылған.
"Қазіргі кезде 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды", - дейді агенттік қызметкерлері.
Қаржы пирамидасын құру – қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекет. Ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Ақтөбеде "Sincere Systems" қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Жаңалықтар
0