Ақтөбеде "Sincere Systems" қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілер азаматтарды пирамидаға кіруге үгіттеген.
"Кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі адамға қатысты тергеу басталды. Күдіктілер "Sincere Systems" (S-Group) қаржылық пирамидасын құрған", - дейді Қаржы мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы ноутбуктар, ұялы телефондар мен процессорлар тәркіленді. Сондай-ақ компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісімшарттар, жарнамалық құралдар мен презентациялар алынған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Қоғам
Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Жаңалықтар
0