https://sputnik.kz/20230726/-tagy-bir-qarzhy-piramidasy-anyqtaldy-37005987.html
Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті "Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты... 26.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-26T09:25+0500
2023-07-26T09:25+0500
2023-07-26T09:25+0500
қоғам
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/46/14194623_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_843148ffd41ee8c1822a7efea467db33.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті "Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Олар қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп отыр.ҚМА ақпаратынша, компания өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам кірістілікке уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 долларды құраған. Басқа салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5% мөлшерінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған."Бұл ретте клиенттерге ақша қабылданғанын растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған", - дейді агенттіктегілер.Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.ҚМА "S-Group" компаниясының қызметінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрады.
https://sputnik.kz/20230504/pavlodarda-qarzhy-piramidasy-15-mlrd-tengege-shygyn-keltirdi-34538316.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/46/14194623_291:0:1791:1125_1920x0_80_0_0_4701b30dc3bc94cc36493e76b229bc25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті "Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Олар қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп отыр.
ҚМА ақпаратынша, компания өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам кірістілікке уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 долларды құраған. Басқа салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5% мөлшерінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған.
"Бұл ретте клиенттерге ақша қабылданғанын растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған", - дейді агенттіктегілер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
ҚМА "S-Group" компаниясының қызметінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрады.