Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

© Photo : аккаунт Сандугаш Дуйсеновой в сойсетяхЖурналист Сандугаш Дуйсенова
Журналист Сандугаш Дуйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Сандуғаш Дүйсенованың үстінен Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі "Өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" бойынша іс қозғалған болатын.
"14 тамызда Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Дүйсенованы қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылдады. Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды", - дейді Бас проукратура.
Алайда, тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ.
"Осыған байланысты Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы). Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген", - деп мәлімдеді ведомство.
Материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданған.
Еске сала кетейік, 12 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды.
Кейіннен тергеу кезінде журналисті жалаңаш күйде бейнежазбаға түсірді деген ақпарат тарады. Бұл іске ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кірісті. Олар журналистің барлық құқы қорғалатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0