https://sputnik.kz/20230814/duysenovaga-kez-kelgen-quqyqtyq-komek-korsetuge-dayynbyz--ministrlik-37665828.html
Дүйсеноваға кез келген құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз – министрлік
Дүйсеноваға кез келген құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз – министрлік
Sputnik Қазақстан
Журналистен тыйым салынған заттар табылған жоқ 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T17:19+0500
2023-08-14T17:19+0500
2023-08-14T17:19+0500
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
журналист
https://sputnik.kz/img/857/01/8570104_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_ce22f773a31fc3fffe01700f023f9f07.jpg
АЛМАТЫ, 14 тамыз - Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстаудың мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігіне жүгінді. Бұл туралы ақпарат министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша мәлімдеді.Ведомство бұл мәселені бақылауда ұстайтынын және журналиске кез-келген құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда журналист Дүйсенова Талдықорғанда ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілген.Кейінірек Сандуғаш Дүйсенова полиция оны киімсіз видеоға түсіргенін хабарлады.Ал Жетісу облысының полициясы бейнетүсіріліммен жеке тінту жүргізу үшін сот санкция бергенін мәлімдеді."БАҚ-та және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері тінту кезінде заңсыз әрекеттерге барғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәселе бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында 11 тамызда соттың санкциясымен жеке тергеу жүргізілгенін түсіндіреміз", - делінген хабарламада.Полицейлер жеке тінту қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес тергеушінің криминалист пен екі әйел куәгердің қатысуымен жүргізілгенін айтады.Жеке тінту кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі, деп толықтырды полиция. Бірақ журналистен тыйым салынған заттар табылған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/857/01/8570104_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_4f4fd16cb843b1ef7453b131562d8781.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, журналист
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, журналист
Дүйсеноваға кез келген құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз – министрлік
Журналистен тыйым салынған заттар табылған жоқ
АЛМАТЫ, 14 тамыз - Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстаудың мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігіне жүгінді. Бұл туралы ақпарат министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша мәлімдеді.
Ведомство бұл мәселені бақылауда ұстайтынын және журналиске кез-келген құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда журналист Дүйсенова Талдықорғанда ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілген.
"Ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білдік. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Дүйсенова Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді ведомство.
Кейінірек Сандуғаш Дүйсенова полиция оны киімсіз видеоға түсіргенін хабарлады.
Ал Жетісу облысының полициясы бейнетүсіріліммен жеке тінту жүргізу үшін сот санкция бергенін мәлімдеді.
"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері тінту кезінде заңсыз әрекеттерге барғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәселе бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында 11 тамызда соттың санкциясымен жеке тергеу жүргізілгенін түсіндіреміз", - делінген хабарламада.
Полицейлер жеке тінту қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес тергеушінің криминалист пен екі әйел куәгердің қатысуымен жүргізілгенін айтады.
Жеке тінту кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі, деп толықтырды полиция. Бірақ журналистен тыйым салынған заттар табылған жоқ.