https://sputnik.kz/20230814/smayylov-astanada-salynyp-zhatqan-zhylu-elektr-ortalygynyn-qurylysyn-tekserdi-37648070.html
Смайылов Астанада салынып жатқан жылу электр орталығының құрылысын тексерді
Смайылов Астанада салынып жатқан жылу электр орталығының құрылысын тексерді
Sputnik Қазақстан
Биыл барлық 4 қазандықты кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T07:57+0500
2023-08-14T07:57+0500
2023-08-14T07:57+0500
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0e/37647348_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_c9fd954b8160f0224e4710e647773c1d.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Астанада салынып жатқан 3-жылу электр орталығындағы жұмыс 90% орындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанадағы 3-ЖЭО мен екі жаңа ГЖС құрылысын тексерді.Биыл барлық 4 қазандықты (газ) кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр, бұл елордадағы жылу қуатын қосымша 440 Гкал/сағ арттыруға мүмкіндік береді.Премьер-министр елорданы шамамен 350 Гкал/сағ көлемінде қосымша жылумен қамтамасыз ететін "Тұран" газ жылу стансасына барды. Онда жобаның қажетті қаржымен қамтамасыз етілгені, жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатқаны айтылды.Одан әрі үкіметтік делегация жалпы қуаты 350 Гкал/сағ болатын және сол жағалау аймағын қамтуы тиіс "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансасының құрылысын тексерді."Қазір бізде екі газ қазандығы бар, жаңа жылу электр орталығы іске қосылып жатыр. Бұл алдағы жылыту маусымында қаланы шамамен 1100 Гкал/сағ жылумен қамтамасыз етеді, демек, біз жылуды артығымен беруге жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ елорданы болашақта жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін келесі жылы қосымша газ қазандықтарын енгізу жоспарланып отыр", — деді Әлихан Смайылов.Жалпы, жаңа ГЖС-ның артықшылығы – табиғи газды үнемді тұтынуға мүмкіндік беретін шағын қазандықтар. Табиғи газдан басқа, олар дизельмен жұмыс істеуге арналған.
https://sputnik.kz/20230809/shydamnyn-da-shegi-bar-toqaev-ekibastuzdagy-zhylu-elektr-ortalygyna-bardy-37414939.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0e/37647348_146:0:1106:720_1920x0_80_0_0_bba46adac0099e4263e20758bf632505.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы
Смайылов Астанада салынып жатқан жылу электр орталығының құрылысын тексерді
Биыл барлық 4 қазандықты кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Астанада салынып жатқан 3-жылу электр орталығындағы жұмыс 90% орындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанадағы 3-ЖЭО мен екі жаңа ГЖС құрылысын тексерді.
Биыл барлық 4 қазандықты (газ) кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр, бұл елордадағы жылу қуатын қосымша 440 Гкал/сағ арттыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр елорданы шамамен 350 Гкал/сағ көлемінде қосымша жылумен қамтамасыз ететін "Тұран" газ жылу стансасына барды. Онда жобаның қажетті қаржымен қамтамасыз етілгені, жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатқаны айтылды.
Одан әрі үкіметтік делегация жалпы қуаты 350 Гкал/сағ болатын және сол жағалау аймағын қамтуы тиіс "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансасының құрылысын тексерді.
"Қазір бізде екі газ қазандығы бар, жаңа жылу электр орталығы іске қосылып жатыр. Бұл алдағы жылыту маусымында қаланы шамамен 1100 Гкал/сағ жылумен қамтамасыз етеді, демек, біз жылуды артығымен беруге жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ елорданы болашақта жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін келесі жылы қосымша газ қазандықтарын енгізу жоспарланып отыр", — деді Әлихан Смайылов.
Жалпы, жаңа ГЖС-ның артықшылығы – табиғи газды үнемді тұтынуға мүмкіндік беретін шағын қазандықтар. Табиғи газдан басқа, олар дизельмен жұмыс істеуге арналған.