"Шыдамның да шегі бар": Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығына барды

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация в Экибастузе
Ситуация в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ақорда
"Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айының ортасында Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Жылу желілерінен шыққан ауқымды ақауды жою бірнеше аптаға созылды.
Жаңалықтар
0