https://sputnik.kz/20230814/seulde-avtobus-zhurgizushisin-pyshaqtagan-ayelge-qatysty-sim-malimdeme-zhasady-37664916.html
Сеулде автобус жүргізушісін пышақтаған әйелге қатысты СІМ мәлімдеме жасады
Сеулде автобус жүргізушісін пышақтаған әйелге қатысты СІМ мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Ол әйел 2020 жылдан бері мамандырылған ауруханада емделіп жүрген 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T16:17+0500
2023-08-14T16:17+0500
2023-08-14T16:17+0500
оңтүстік корея
қазақстан азаматы
пышақтау
қазақстан сім
сім
https://sputnik.kz/img/07e7/08/07/37334097_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_06b3ff0c3c23084fd2941639addd4273.jpg
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған әйелге қатысты ақпарат жариялады, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұл жағдай Сеул қаласында болған. Пышақ ұстаған әйел автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында оның Қазақстан азаматы туралы ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі ол мәліметті растады.Ол әйел 2020 жылдан бері мамандырылған ауруханада емделіп жүрген.“Сол жерде өте күрделі ем қабылдап жүр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуыл кезінде дәрі-дәрмектің әсері де болған. Жақын арада оған консул барады”, - деп атап көрсетті Смадияров.Қазіргі кезде психологиялық сараптама тағайындалды.
https://sputnik.kz/20230812/seulde-qazaqstan-azamaty-avtobus-zhurgizushisin-pyshaqtady-37623038.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/07/37334097_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_a0e2d74c113f928af3f6bef70c588d7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, қазақстан азаматы, пышақтау, қазақстан сім, сім
оңтүстік корея, қазақстан азаматы, пышақтау, қазақстан сім, сім
Сеулде автобус жүргізушісін пышақтаған әйелге қатысты СІМ мәлімдеме жасады
Ол әйел 2020 жылдан бері мамандырылған ауруханада емделіп жүрген
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған әйелге қатысты ақпарат жариялады, хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл жағдай Сеул қаласында болған. Пышақ ұстаған әйел автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында оның Қазақстан азаматы туралы ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі ол мәліметті растады.
“Иә, ол - Қазақстан азаматы. Бұрыннан бері сол жақта тұрады. Күйеуімен бірге бизнеспен айналысады. Оған техникалық виза да берілген. Өзі – этникалық кәріс”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Ол әйел 2020 жылдан бері мамандырылған ауруханада емделіп жүрген.
“Сол жерде өте күрделі ем қабылдап жүр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуыл кезінде дәрі-дәрмектің әсері де болған. Жақын арада оған консул барады”, - деп атап көрсетті Смадияров.
Қазіргі кезде психологиялық сараптама тағайындалды.