https://sputnik.kz/20230814/mangystau-oblysynda-qysqartuga-ilikken-munayshylarga-zhana-zhumys-usynyldy-37655179.html
Маңғыстау облысында қысқартуға іліккен мұнайшыларға жаңа жұмыс ұсынылды
Маңғыстау облысында қысқартуға іліккен мұнайшыларға жаңа жұмыс ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Бес жұмысшы балама ұсыныспен келісті, жақын арада жаңа компанияда жұмыс істей бастайды 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T11:15+0500
2023-08-14T11:15+0500
2023-08-14T13:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/381/67/3816728_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_f3fe6672505e4993406f5f06e3cdb4f3.jpg
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы "Dunga" кен орнында қысқартуға іліккен мұнайшыларға сервистік компаниядан жаңа жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды Lada.kz порталы."TOTAL E & P Dunga" компаниясы штаттың қысқаруына қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, қысқарту жұмыс сапасын арттыру үшін жасалған. Сол себепті 11 жұмысшыға жұмыстан босату туралы хабарлама табыс етілген."TOTAL E & P Dunga" хабарлағандай, бес жұмысшы балама ұсыныспен келісіп, жақын арада жаңа компанияда жұмыс істей бастайды. Басқа жұмысшыларға шешім қабылдауға қосымша уақыт беріледі."Қызметкерлердің өтініші бойынша бұл жағдай облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжановтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік және еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның алаңында қаралды. Өңір бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізіліп жатқан қысқарту процесінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына тексеру жүргізуді жоспарлады, оның нәтижесі бойынша тиісті қорытынды беріледі", - деп хабарлады компания.Жұмысшылар "TOTAL E & P Dunga" ұсынған жаңа жұмыс орнына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал компания оған еш негіз жоқ, жаңа жұмыс орны тұрақты, әрі еңбекақысы жақсы болатынын айтады."TOTAL E & P Dunga" жұмыс сапасын арттыру мақсатында оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізіп, ұжымда тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды", - деп сендірді компания.Еске сала кетейік, TOTAL E&P Dunga компаниясының 20-ға жуық қызметкері видеохабарлама жазып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын.
https://sputnik.kz/20230813/mangystaulyq-munayshylar-qysqartuga-qarsy-narazylyq-bildirdi--video-37635904.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/381/67/3816728_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_1d6957cfa57c2ab3b3eb812e5fb6ffec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Маңғыстау облысында қысқартуға іліккен мұнайшыларға жаңа жұмыс ұсынылды
11:15 14.08.2023 (жаңартылды: 13:37 14.08.2023) Бес жұмысшы балама ұсыныспен келісті, жақын арада жаңа компанияда жұмыс істей бастайды
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы "Dunga" кен орнында қысқартуға іліккен мұнайшыларға сервистік компаниядан жаңа жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды
Lada.kz порталы.
"TOTAL E & P Dunga" компаниясы штаттың қысқаруына қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, қысқарту жұмыс сапасын арттыру үшін жасалған. Сол себепті 11 жұмысшыға жұмыстан босату туралы хабарлама табыс етілген.
"Компанияның жағдайы мен көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, оларға балама нұсқа ретінде төрт айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлей отырып, еңбек шарттарын бұзу ұсынылды. Бұдан басқа, компания қысқартылатын жұмыскерлерге жалақыны сақтай отырып, сервистік аутсорсингтік компанияда жұмысқа орналасуды, жалақыға бес пайыз үстемеақы төлеуді және тоқтату күні бойынша сыйлықақы төлеуді ұсынды", - деп хабарлады компания.
"TOTAL E & P Dunga" хабарлағандай, бес жұмысшы балама ұсыныспен келісіп, жақын арада жаңа компанияда жұмыс істей бастайды. Басқа жұмысшыларға шешім қабылдауға қосымша уақыт беріледі.
"Қызметкерлердің өтініші бойынша бұл жағдай облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжановтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік және еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның алаңында қаралды. Өңір бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізіліп жатқан қысқарту процесінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына тексеру жүргізуді жоспарлады, оның нәтижесі бойынша тиісті қорытынды беріледі", - деп хабарлады компания.
Жұмысшылар "TOTAL E & P Dunga" ұсынған жаңа жұмыс орнына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал компания оған еш негіз жоқ, жаңа жұмыс орны тұрақты, әрі еңбекақысы жақсы болатынын айтады.
"TOTAL E & P Dunga" жұмыс сапасын арттыру мақсатында оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізіп, ұжымда тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды", - деп сендірді компания.
Еске сала кетейік, TOTAL E&P Dunga компаниясының 20-ға жуық қызметкері видеохабарлама жазып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын.