Бұршақ, жел және жаңбыр: синоптиктер 14 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинДождь, архивное фото
Дождь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Тек елдің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен жабысқақ қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республика бойынша екпінді жел тұруы мүмкін. Солтүстік-батыста, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
"Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында 38°С дейін қатты ыстық сақталады. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Түркістанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады", - деп жазылған хабарламада.
Болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дождь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жетісу облысында нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды
Жаңалықтар
0