Жетісу облысында нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинДождь, архивное фото
Дождь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
Зардап шеккен аймақтың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖД
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ескелді ауданында бірнеше елді мекенді су басып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
"Оқиға орнында Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері, арнайы техника, оның ішінде суда жүзу құралдарымен жабдықталған 22 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында инженерлік жұмыстар, адамдарды жартылай эвакуациялау және суды сору жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Ескелді ауданының Ешкіөлмес ауылында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан беткейлерден су ағып, бұл елді мекеннің төрт көшесінің ауласын су басуға себеп болды.
Қарабұлақ ауылында 30 тұрғын эвакуацияланды, су басқан үйлердің саны мен аумақтар анықталып жатыр.
"Құтқарушылар жан-жақты көмек көрсетіп, азаматтарды су басқан аулалардан алып шығуда", - деп хабарлады ТЖД.
Сол өңірдің тағы екі ауылында – Абай және Мәмбетте сәйкесінше 20 және 5 ауланы су басқан. Елді мекендер тау етегіне жақын орналасқан.
Жаңалықтар
0