Жетісу облысының екі ауданында тұрғындар жарықсыз қалды

© Photo : Рixabay/ComfreakЛампочка, электричество
Лампочка, электричество - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының екі ауданында тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"12 тамыз күні сағат 12:32-де (Қаратал ауданында) және сағат 15:15-те (Ескелді ауданында) ауа райының құбылуына байланысты электр желілерінде ақау пайда болып, нәтижесінде ПС -152, ПС-48 апатты жағдайда өшті. Қазіргі уақытта мамандар желілерді қайта іске қосу жұмыстарын жүргізуде",- делінген хабарламада.
Айта кетері облыстың Ескелді ауданында бірнеше елді мекенді қатты нөсер салдарынан су басып, адамдар эвакуацияланды.
Жаңалықтар
0