https://sputnik.kz/20230811/shymkentte-gul-satushyny-qorlagan-buryngy-politsiya-qyzmetkeri-ekeni-anyqtaldy-37563829.html
Шымкентте гүл сатушыны қорлаған бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды
Шымкентте гүл сатушыны қорлаған бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Полиция қоғамдық резонанс тудырған Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді. 11.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-11T07:56+0500
2023-08-11T07:56+0500
2023-08-11T08:00+0500
гүл
шымкент
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_0:73:1600:973_1920x0_80_0_0_0056110f227df944ba9bfa0f29cde7a7.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Полиция қоғамдық резонанс тудырған Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді.Бірінші видеода ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға тап берген. Бұл жайт 8 тамыз күні болған."Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды", - деп жазды Polisia.kz.Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. 1990 жылы туған азамат Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады.Ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабымен 7 тәулікке қамауға алынды.Екінші видеода басқа 1989 жылы туған азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.Осы жылдың 8 мамырында ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.Бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат осыжылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.
https://sputnik.kz/20230810/shymkentte-prokurordyn-uly-gul-dukenine-shabuyl-zhasady-vedomstvo-aqparatty-zhoqqa-shygardy-37533355.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_104:0:1496:1044_1920x0_80_0_0_f00b65ec4fbd1b522baaed922c162288.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
гүл, шымкент
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Полиция қоғамдық резонанс тудырған Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді.
Бірінші видеода ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға тап берген. Бұл жайт 8 тамыз күні болған.
"Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды", - деп жазды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. 1990 жылы туған азамат Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады.
Ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабымен 7 тәулікке қамауға алынды.
Екінші видеода басқа 1989 жылы туған азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.
Осы жылдың 8 мамырында ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.
Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.
Бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат осыжылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.