Шымкентте прокурордың ұлы гүл дүкеніне шабуыл жасады: ведомство ақпаратты жоққа шығарды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура Шымкентте гүл дүкенін тонап жүрген ер адамның прокуратура органдарына қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл дүкенінде түсірілген видео тараған болатын. Достарымен бірге келген ер адам сатушыны қайшымен қорқытып, гүлдің ақшасын төлемей, кетіп қалған. Видеодағы адамдардың бірі прокурордың ұлы деген ақпарат та тарады.
Полиция осы оқиғаның 8 тамызға қараған түні "Romantic" гүл дүкенінде болғанын хабарлады. Видеодағы адамдардың бәрін полиция бөліміне жеткізді. Алайда гүл сатушы арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Бүгін әлеуметтік желіде тағы бір видео тарады. Екі ер адам тура сол гүл дүкеніне барып, гүл шоғын тартып алып кеткен. Ал далаға шыққанда гүл сатушысын ұрып құлатқан. Осы жолы да прокурордың баласы келіп кетті деген мәлімет бар.
Бүгін бас прокуратура бұзақының өз қызметкерлерінің баласы деген ақпаратты жоққа шығарды
"Әлеуметтік желілерде прокурордың ұлы достарымен бірге Шымкент қаласындағы гүл дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
2023 жылғы 9 тамызда Шымкент қаласының прокуратурасы бұл тұлғаның прокуратура органдарына қандай да бір қатысы жоқ екенін, прокуратура қызметкерлерімен туыстық байланыста жоқ екендігін ресми түрде хабарлады", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтар
0