Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.
"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады", – деп жазды мемлекет басшысы.
Президент мемлекет Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра беретінін атап өтті.
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толып отыр. Sputnik Қазақстан ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректерді жариялады.
Павлодарда Абай ескерткіші ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Ұлы Абайдың туғанына – 178 жыл
Жаңалықтар
0