Павлодарда тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Самал" оңалту орталығының қызметкері балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрған. Ата-аналардың шағымынан кейін қызметтік тексеру басталып, полиция іс қозғады. Ал қызметіне салғырт қараған мекеме басшысына айыппұл салынды.
"Тексеру барысында тәрбиеші мамандардың аттестациядан өтпегені анықталды. Оған қоса тәрбиешілер уақытылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген. Сол себепті орталықтың басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Үзденбаева.
Стақан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Шәйнекке хлор салып қойған: Қарағанды балабақшасында балалар уланып қалды
Жаңалықтар
0