Шәйнекке хлор салып қойған: Қарағанды балабақшасында балалар уланып қалды

CC0 / / Стақан
Стақан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қарағанды балабақшаларының бірінде балалар хлордануланып қалды, деп хабарлады ekaraganda.kz порталы.
Ата-аналардың айтуынша, уланған екі баланың бірінің асқазанын шайған, екіншісінің өңеші күйіп қалған.
Балалар 10 шілдеде кешке уланып қалған. Уланған бүлдіршіндердің біріне екінші дәрежелі өңеш пен асқазанның химиялық күйігі диагнозы қойылған. Қазіргі күні балалар ауруханасында емделіп жатыр.
"Тәрбиеші хлорды жәй сумен шатастырып алған. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды, бірақ оның жағдайы, менің білуімше, жақсы. Оқиға болған кезде бізге ешбір балабақша маманы хабарласып айтпады, тек кешке балаларымызды әкетуге келгенде бір-ақ білдік. Егер дер кезінде жедел жәрдем шақырып, балалардың асқазанын шайса, жағдай ушықпас еді", - дейді Алина есімді ата-ана.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бүлдіршін улану фактісі бойынша 10 шілдеде көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түскенін айтады.
"Тексеру жүргізіліп, ем тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық", - деп нақтылады ведомство.
Қарағанды қалалық білім бөлімі 11 шілдеде оқиғаға кінәлі мамандар жауапкершілікке тартылғанын айтты.
"10 шілдеде "Бәйтерек" бөбекжайы" КММ-де сағат 18.30 шамасында "Еркетай" тобының балалары серуенде су сұраған. Тәрбиеші топқа барып, шәйнектен су құйған. Тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін бір део-хлор таблеткасын салып қойған. Су алуға келген тәрбиеші бұл туралы білмеген. Медицина қызметкері сағат 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. Бұл факт санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеудің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлі - медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады білім бөлімі.
Жаңалықтар
0