https://sputnik.kz/20230802/barimiz-ushin-auyr-qaygy-dosaev-ortten-qaytys-bolgan-ayeldin-otbasyna-konil-aytty--37225553.html
"Бәріміз үшін ауыр қайғы": Досаев өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты
"Бәріміз үшін ауыр қайғы": Досаев өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Аккент" тұрғын үй кешіндегі өрт кезінде қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты, деп... 02.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-02T08:18+0500
2023-08-02T08:18+0500
2023-08-02T08:27+0500
ерболат досаев
өрт
көңіл айту
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37217253_0:539:2048:1691_1920x0_80_0_0_80f6aa92c13d2dab0eaf9fba587801c3.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Аккент" тұрғын үй кешіндегі өрт кезінде қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 1 тамызда Алматыда болған өрт кезінде адамдар балконнан балаларын лақтырып, артынан өздері де секірген. Сол кезде бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Қазіргі кезде Әселдің әпкесі де ауруханада жатыр. Әкімнің айтуынша, оған барлық қажетті көмек көрсетіледі. "Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - деп атап көрсетті Досаев. Айта кетері, 16 қабатты үйде болған өрт кезінде 43 адам зардап шекті. Төрт бала жансақтау бөліміне түсті. Тағы төрт бала медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. 12 ересек адамның ішінен бес адам ауруханаға жатқызылды.
https://sputnik.kz/20230802/almatyda-kopqabatty-uydegi-ortten-1-adam-qaza-boldy-37224062.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37217253_0:347:2048:1883_1920x0_80_0_0_cd78f6282cedce2482c305215e7e50e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерболат досаев, өрт, көңіл айту
ерболат досаев, өрт, көңіл айту
"Бәріміз үшін ауыр қайғы": Досаев өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты
08:18 02.08.2023 (жаңартылды: 08:27 02.08.2023) АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Аккент" тұрғын үй кешіндегі өрт кезінде қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
1 тамызда Алматыда болған өрт кезінде адамдар балконнан балаларын лақтырып, артынан өздері де секірген. Сол кезде бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды.
"Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін", - делінген Алматы әкімінің көңіл айту хатында.
Қазіргі кезде Әселдің әпкесі де ауруханада жатыр. Әкімнің айтуынша, оған барлық қажетті көмек көрсетіледі.
"Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - деп атап көрсетті Досаев.
Айта кетері, 16 қабатты үйде болған өрт кезінде 43 адам зардап шекті. Төрт бала жансақтау бөліміне түсті. Тағы төрт бала медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. 12 ересек адамның ішінен бес адам ауруханаға жатқызылды.