Өңірлер

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 1 адам қаза болды

© Sputnik / Айдана ДайыроваПожар в Аккенте
Пожар в Аккенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарма мәліметінше, көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды.
"4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.
Бір әйел алған ауыр жарақаттарынан қаза болды.
Еске сала кетейік, 1 тамызда 16 қабатты үйде өрт шыққан болатын. Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.
Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде сөндірілді.
Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
Зардап шеккендердің арасында 2 жүкті әйел бар.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді:
Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтар мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеп шығу орындары ұйымдастырылды (178-ші лицейдің спорт залы мен қонақүй);
Алматы қаласының Құтқару қызметі арқылы 250 орынға жиналмалы төсектер мен матрацтар ұйымдастырылды;
Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;
Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507; 3989820
Жаңалықтар
0