https://sputnik.kz/20230801/shumenovtin-isi-birneshe-politsey-zhumystan-bosatyldy-37215325.html
Шүменовтің ісі: бірнеше полицей жұмыстан босатылды
Шүменовтің ісі: бірнеше полицей жұмыстан босатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовтың ісі бойынша бірнеше полицей жұмыстан шығарылды. Есіл аудандық полиция... 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T17:29+0500
2023-08-01T17:29+0500
2023-08-01T17:29+0500
бейбіт шүменов
полиция
тәртіп бұзушылық
https://sputnik.kz/img/441/64/4416407_0:488:2784:2054_1920x0_80_0_0_c29e21918950a69d71ae6f0af6574048.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовтың ісі бойынша бірнеше полицей жұмыстан шығарылды. Есіл аудандық полиция басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.Тексерістің нәтижесі бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды. Ал жергілікті полицияның жұмысын ұйымдастыруға жауапты бас учаскелік инспектор мен кезекішілік бөлімінің жедел кезекшісіне ескерту берілді. Екеуі де қызметіне толығымен сай емес деп танылды.Айта кетері, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.Шүменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Боксшының өзі қашып кетті. Қазір оған ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды.
https://sputnik.kz/20230724/beybit-shumenovke-memleketaralyq-izdeu-zhariyalandy-36958278.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/441/64/4416407_0:469:2784:2557_1920x0_80_0_0_f364e82153ef4f06ef9b4eb3492122c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейбіт шүменов, полиция, тәртіп бұзушылық
бейбіт шүменов, полиция, тәртіп бұзушылық
Шүменовтің ісі: бірнеше полицей жұмыстан босатылды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовтың ісі бойынша бірнеше полицей жұмыстан шығарылды. Есіл аудандық полиция басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тексерістің нәтижесі бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды. Ал жергілікті полицияның жұмысын ұйымдастыруға жауапты бас учаскелік инспектор мен кезекішілік бөлімінің жедел кезекшісіне ескерту берілді. Екеуі де қызметіне толығымен сай емес деп танылды.
"Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Ал аудандық басқарманың бастығына сөгіс жарияланды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Шүменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Боксшының өзі қашып кетті. Қазір оған ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды.