Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды

© AP Photo / Eric GayБейбут Шуменов
Бейбут Шуменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовка мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.

"18 маусымда "Mega Silkway" сауда ойын-сауық орталығында жанжал шығарған кәсіпқой боксшыға ресми түрде іздеу жарияланды. Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Содай-ақ Шүменовке қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Шүменовтің фотосы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы қылмыскерлерді іздестіру бөлімінде жарияланғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, ойын-сауық орталықтарының бірінде кәсіпқой боксшы бала көтерген ер адаммен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған.
Кейіннен Шүменов оқиғаның қалай болғанын айтып, әлеуметтік желіде пікір жазды.
Қоғамда дау тудырған жанжалға қатысты министрлік те өз уәжін айтты.
Боксер Бейбут Шуменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Сауда орталығында төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0