https://sputnik.kz/20230713/beybit-shumenov-5-zhylga-deyin-bas-bostandygynan-ayyryluy-mumkin--ministrlik-36772654.html
Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін – министрлік
Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанадағысауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T14:17+0500
2023-07-13T14:17+0500
2023-07-13T14:17+0500
бейбіт шүменов
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/255/42/2554262_0:149:3078:1880_1920x0_80_0_0_e303f568f2058438fab8ac9ff9ba52b7.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанадағысауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Министрліктің мәліметінше, оқиға 18 маусымда Астанадағы "Mega Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.Еске сала кетейік, Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов жұдырық ала жүгірген еді.
https://sputnik.kz/20230712/shumenov-sauda-ortalygynda-bolgan-zhanzhalga-qatysty-pikir-bildirdi--36753655.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/255/42/2554262_188:0:2892:2028_1920x0_80_0_0_dff344627d12aff6325123a3981c1033.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейбіт шүменов, ішкі істер министрлігі
бейбіт шүменов, ішкі істер министрлігі
Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін – министрлік
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанадағысауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Министрліктің мәліметінше, оқиға 18 маусымда Астанадағы "Mega Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов жұдырық ала жүгірген еді.