Қарағанды облысындағы трагедиядан кейін прокуратура тергеуді бастады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында балалардың улануына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді ведомство.
Қылмыстық істі Қарағанды облысы прокуратурасы тікелей бақылауға алды.
Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға аталған мекемелерді кешенді тексеру туралы тапсырма берілді.
Жалпы, республикада жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеме бар. Оның 37-сі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, ал 47-сі балалар үйі, сондай-ақ 2959 баланы қамтитын отбасын қолдау орталықтары бар.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар уланды. Бір бала қайтыс болып, 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Өңірлер
Қарағандыда балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болды
Жаңалықтар
0