https://sputnik.kz/20230801/qaragandyda-balalar-zhappay-astan-ulandy-1-bala-qaytys-boldy-37193763.html
Қарағандыда балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болды
Қарағандыда балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
ҚАРАҒАНДЫ, 1 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану дерегі тіркелді, деп хабарлайды облыстық... 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T09:42+0500
2023-08-01T09:42+0500
2023-08-01T10:44+0500
өңірлер
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
ҚАРАҒАНДЫ, 1 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану дерегі тіркелді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Әкімдіктің мәліметінше, 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.Үкімет кулуарында Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осы оқиғаға қатысты түсінік берді."Уланудың себебі әзірге белгісіз. Бірақ алдын ала мәлімет бойынша олар астан уланбаған", - деді бас санитар дірігер.Оның айтуынша, ауруханаға түскендердің барлығы – жасөспірім ер балалар.
https://sputnik.kz/20230706/kentauda-adamdar-astan-ulandy-damkhana-zhumysshylarynan-qauipti-infektsiya-anyqtaldy-36602842.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Қарағандыда балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болды
09:42 01.08.2023 (жаңартылды: 10:44 01.08.2023) ҚАРАҒАНДЫ, 1 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану дерегі тіркелді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.
"Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір баланы құтқару мүмкін болмады. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында",- делінген әкімдік хабарламасында.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.
Үкімет кулуарында Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Уланудың себебі әзірге белгісіз. Бірақ алдын ала мәлімет бойынша олар астан уланбаған", - деді бас санитар дірігер.
Оның айтуынша, ауруханаға түскендердің барлығы – жасөспірім ер балалар.