https://sputnik.kz/20230801/arasynda-zhetim-balalar-da-bar-zakieva-balalardyn-ulanuyna-qatysty-malimdeme-zhasady-37209606.html
Қарағандыда жаппай уланғандар арасында жетім балалар да бар – Закиева
Қарағандыда жаппай уланғандар арасында жетім балалар да бар – Закиева
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева балалар жаппай уланған Қарағандыға барды. Ол оқиғаның мән-жайын... 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T14:41+0500
2023-08-01T14:41+0500
2023-08-09T12:37+0500
улану
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35859706_0:93:1080:701_1920x0_80_0_0_b9f259b944fd356c4ca56f538719d3c0.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева балалар жаппай уланған Қарағандыға барды. Ол оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр."Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығына бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізетін болады. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Сонымен қатар күзде өңірлерге іс сапарларымның аясында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырмын", - деп атап өтті Динара Закиева.Ол қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей жедел басқару орталығы мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.Сондай-ақ Закиева тағы бірқатар мәселеге тоқталып өтті.Оның айтуынша:1. мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керек; сондай-ақ олардың жалақысын арттыруды да қарастыру қажет.2. Балалардың тамақтану нормативтерін қайта қарау және талаптарды қатаңдату қажет."Бейінді министрлікпен бұл бойынша да жұмыс істейтін боламыз",- деді Закиева.Еске сала кетейік, Қарағандыда балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, 1 бала қайтыс болған еді. Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қарағанды облысындағы трагедиядан кейін прокуратура тергеуді бастады. Ал бас санитардың айтуынша, 12 балаға да "түсініксіз генезден улану" диагнозы қойылған. Қазіргі кезде уланудың себебі анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20230801/tamaqtan-emes-bas-sanitar-12-balanyn-ulanuyna-qatysty-malimdeme-zhasady-37198354.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35859706_65:0:1025:720_1920x0_80_0_0_5baac9855bec9f96b5895ddb3082e3f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
улану
Қарағандыда жаппай уланғандар арасында жетім балалар да бар – Закиева
14:41 01.08.2023 (жаңартылды: 12:37 09.08.2023) АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева балалар жаппай уланған Қарағандыға барды. Ол оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Оның ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Алты бала ауыр халде жансақтау бөлімінде, жеті бала облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Олардың арасында жетім балалар да бар", - деп хабарлады уәкіл.
Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығына бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізетін болады. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Сонымен қатар күзде өңірлерге іс сапарларымның аясында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырмын", - деп атап өтті Динара Закиева.
Ол қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей жедел басқару орталығы мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Сондай-ақ Закиева тағы бірқатар мәселеге тоқталып өтті.Оның айтуынша:
1. мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керек; сондай-ақ олардың жалақысын арттыруды да қарастыру қажет.
2. Балалардың тамақтану нормативтерін қайта қарау және талаптарды қатаңдату қажет.
"Бейінді министрлікпен бұл бойынша да жұмыс істейтін боламыз",- деді Закиева.
Еске сала кетейік, Қарағандыда балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып,
1 бала қайтыс болған еді. Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қарағанды облысындағы трагедиядан кейін прокуратура тергеуді бастады. Ал бас санитардың айтуынша, 12 балаға да "түсініксіз генезден улану" диагнозы қойылған. Қазіргі кезде уланудың себебі анықталып жатыр.