Қоғам

KEGOC компаниясының төрағасы ауысты

© PhotoНәби Айтжанов
Нәби Айтжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. 42 жастағы Нәби Айтжанов "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" холдингінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Нәби Айтжанов "Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Ал "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы KEGOC-ты 2021 жылғы қарашадан Қаныш Молдабаев басқарып келді.

Жаңа басшы туралы не білеміз

Нәби Еркінұлы Айтжанов 1980 жылы 11 қыркүйекте Ақмола облысында туған. Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы "Көкшетау Энерго" ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.
Әр жылдары "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ Корпоративтік даму басқармасының басшысы, "Энергопоток" ЖШС директоры, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС бас директоры және "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС бас директоры болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Энергетика министрлігі KEGOC басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартты
Жаңалықтар
0