https://sputnik.kz/20230717/energetika-ministrligi-kegoc-basshylygyn-tartiptik-zhauapkershilikke-tartty-36850631.html
Энергетика министрлігі KEGOC басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартты
Энергетика министрлігі KEGOC басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "KEGOC" АҚ жүйелік операторы нақты уақыт режимінде "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін" жоспарланған мерзімде... 17.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-17T19:00+0500
2023-07-17T19:00+0500
2023-07-17T19:00+0500
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_0:126:3197:1924_1920x0_80_0_0_50bdde1d76be945f11e64c67a16a021b.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "KEGOC" АҚ жүйелік операторы нақты уақыт режимінде "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін" жоспарланған мерзімде пайдалануға енгізбеген, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Нақты уақыттағы электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы механизмінің жұмыс істеуіне байланысты жүйе автоматтандырылды. Ол электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін оңтайлы жоспарлау процестерін құруға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды.Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі енгізілді.Бұл тетік елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шұғыл реттеуді талап ететін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20230713/qazmunaygaz-basshysy-energetika-vitse-ministri-sogis-36781199.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_232:0:2963:2048_1920x0_80_0_0_ece9e4b25d4a06dd93727035f38e2cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі
қр энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі KEGOC басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартты
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "KEGOC" АҚ жүйелік операторы нақты уақыт режимінде "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін" жоспарланған мерзімде пайдалануға енгізбеген, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Нақты уақыттағы электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы механизмінің жұмыс істеуіне байланысты жүйе автоматтандырылды. Ол электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін оңтайлы жоспарлау процестерін құруға мүмкіндік береді.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы "KEGOC" АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды.
Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі енгізілді.
Бұл тетік елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шұғыл реттеуді талап ететін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.