https://sputnik.kz/20230730/shygyndy-ondirip-aluga-mumkindik-bar-koliktin-ustine-agash-qulasa-ne-isteu-kerek-37142329.html
Шығынды өндіріп алуға мүмкіндік бар: көліктің үстіне ағаш құласа, не істеу керек
Шығынды өндіріп алуға мүмкіндік бар: көліктің үстіне ағаш құласа, не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Қалада қатты дауылдан кейін ағаштар немесе билбордтар көліктің үстіне құлап жатады. Ондайда заң талаптарын сақтап, бәрін мұқият орындаса, шығынды өндіріп алуға болады.
2023-07-30T19:45+0500
2023-07-30T19:45+0500
2023-07-30T20:01+0500
көлік
ағаш
https://sputnik.kz/img/07e5/06/04/17248865_0:452:2736:1991_1920x0_80_0_0_c1717e92333229ed8ef55f786ddd37fc.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қалада қатты дауылдан кейін ағаштар немесе билбордтар көліктің үстіне құлап жатады. Ондайда заң талаптарын сақтап, бәрін мұқият орындаса, шығынды өндіріп алуға болады. Sputnik Қазақстан үстіне ағаш құлаған көліктің шығынын өндіріп алу тәртібін ұсынады.Көліктің үстіне ағаш құлаған жағдайда оны өздігімен алуға болмайды. Шашылып жатқан бұтақтарын да жинамаған дұрыс. Алдымен бәрін фотоға және видеоға түсіріп алу қажет. Көлікті, ағашты, айналаны да телефонға түсіріп алған жөн. Осы орайда мамандар арнайы мобильді қосымшаларды қолдануға кеңес беріп отыр. Сонда фото-видеоның датасы мен уақыты көрініп тұрады. Куәгерлерді тауып алуға болады.Одан кейін полицияны шақыру керек. Учаскелік инспектор бәрін қарап шығады да, арнайы акт жасайды. Осы құжатта оқиғаның мән-жайы, көліктің неден зақымданғаны және тағы басқа мәліметтер көрсетіледі. Акт рәсімделгеннен кейін көлікті тазартып, алып кетуге болады.Сосын жақын жерде бейнекамералар болса, видеосын алуға мүмкіндік бар. Ол үшін полицияға жазбаша арыз жазылады. Соның негізінде бейнежазба беріледі. Ал үйде орнатылған камера болса, басқарушы компаниядан сұрап көрген дұрыс.Қазгидрометтен сол күні болған желдің жылдамдығы туралы анықтаманы да алып қойған жөн.Шығынның көлемін анықтау керекДәлелді жинап алғаннан кейін шығынның көлемін анықтап алу қажет. Онымен арнайы компания айналысады.Сақтандыру компаниясына барып, көліктің үстіне құлаған ағаштың сақтандыру жағдайына жата ма, жоқ па, оны да біліп алған жөн. Сақтандыру төлемі болмаса, ағаш құлаған жерге кім жауапты екенін анықтау керек. Оған әкімдік немесе ПИК жауапты болады. Әкімдікке өтініш жазып, жерге жауапты мекемені анықтауға мүмкіндік бар.Сотқа қалай жүгіну керекЖауапты мекемені тапқаннан кейін оған алдымен сотқа дейінгі талап жіберіледі. Шығынның көлемін көрсетіп, оны өтеп беруді сұрайды. Бағалаушы компанияның қорытындысын, сондай-ақ эвакуаторға кеткен ақша және тағы басқа шығындардың түбіртектерін қоса көрсету керек.Сотқа дейінгі талап көрсетілген уақытта орындалмаса, сотқа арыз түсіреді. Барлық дәлелді тіркеп жібереді. Сонда жауап беруші мекеме шығынды өтеп беруге міндеттеледі. Бірақ көлік тұраққа дұрыс қойылмаса, істі қарау мерзімі созылып кетуі мүмкін.Айта кетері, заң бойынша саябақтағы ағаштарға сол жерде қызмет көрсететін компаниялар жауап береді. Ал аулада тротуарға дейінгі ағаштарға үйдің тұрғындары немесе басқарушы компания жауапты. Құрылыс алаңында тапсырыс беруші жауап береді.
https://sputnik.kz/20230526/almatydagy-damkhanalardyn-birinde-turgyndardyn-ustine-agash-qulady-35323744.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/04/17248865_5:0:2736:2048_1920x0_80_0_0_c9fc967b66fa5fdfbb81345caf442489.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік ағаш дерево машина казахстан
көлік ағаш дерево машина казахстан
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қалада қатты дауылдан кейін ағаштар немесе билбордтар көліктің үстіне құлап жатады. Ондайда заң талаптарын сақтап, бәрін мұқият орындаса, шығынды өндіріп алуға болады.
Sputnik Қазақстан үстіне ағаш құлаған көліктің шығынын өндіріп алу тәртібін ұсынады.
Көліктің үстіне ағаш құлаған жағдайда оны өздігімен алуға болмайды. Шашылып жатқан бұтақтарын да жинамаған дұрыс. Алдымен бәрін фотоға және видеоға түсіріп алу қажет. Көлікті, ағашты, айналаны да телефонға түсіріп алған жөн. Осы орайда мамандар арнайы мобильді қосымшаларды қолдануға кеңес беріп отыр. Сонда фото-видеоның датасы мен уақыты көрініп тұрады. Куәгерлерді тауып алуға болады.
Одан кейін полицияны шақыру керек. Учаскелік инспектор бәрін қарап шығады да, арнайы акт жасайды. Осы құжатта оқиғаның мән-жайы, көліктің неден зақымданғаны және тағы басқа мәліметтер көрсетіледі. Акт рәсімделгеннен кейін көлікті тазартып, алып кетуге болады.
Сосын жақын жерде бейнекамералар болса, видеосын алуға мүмкіндік бар. Ол үшін полицияға жазбаша арыз жазылады. Соның негізінде бейнежазба беріледі. Ал үйде орнатылған камера болса, басқарушы компаниядан сұрап көрген дұрыс.
Қазгидрометтен сол күні болған желдің жылдамдығы туралы анықтаманы да алып қойған жөн.
Шығынның көлемін анықтау керек
Дәлелді жинап алғаннан кейін шығынның көлемін анықтап алу қажет. Онымен арнайы компания айналысады.
Сақтандыру компаниясына барып, көліктің үстіне құлаған ағаштың сақтандыру жағдайына жата ма, жоқ па, оны да біліп алған жөн. Сақтандыру төлемі болмаса, ағаш құлаған жерге кім жауапты екенін анықтау керек. Оған әкімдік немесе ПИК жауапты болады. Әкімдікке өтініш жазып, жерге жауапты мекемені анықтауға мүмкіндік бар.
Жауапты мекемені тапқаннан кейін оған алдымен сотқа дейінгі талап жіберіледі. Шығынның көлемін көрсетіп, оны өтеп беруді сұрайды. Бағалаушы компанияның қорытындысын, сондай-ақ эвакуаторға кеткен ақша және тағы басқа шығындардың түбіртектерін қоса көрсету керек.
Сотқа дейінгі талап көрсетілген уақытта орындалмаса, сотқа арыз түсіреді. Барлық дәлелді тіркеп жібереді. Сонда жауап беруші мекеме шығынды өтеп беруге міндеттеледі. Бірақ көлік тұраққа дұрыс қойылмаса, істі қарау мерзімі созылып кетуі мүмкін.
Айта кетері, заң бойынша саябақтағы ағаштарға сол жерде қызмет көрсететін компаниялар жауап береді. Ал аулада тротуарға дейінгі ағаштарға үйдің тұрғындары немесе басқарушы компания жауапты. Құрылыс алаңында тапсырыс беруші жауап береді.