Алматыдағы дәмханалардың бірінде тұрғындардың үстіне ағаш құлады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуЛистья, дерево
Листья, дерево - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматыдағы "Аккунин" дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 мамырда болған.
"Сағат 22.15-те Алматы қаласының құтқару қызметіне (ССА) Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы "Акунин" дәмханасының жазғы аумағына ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметі мен Медеу әкімдігінің мамандары тексеруге шықты", - дейді ведомстводағылар.
Дәмханадағы құлаған ағашты шұғыл экипаж мамандары ертеңіде таңертең тазалады. Жұмысты жеке құрамның 4 құтқарушысы және 1 техника бірлігі жүргізген. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы қаласының экологтары құлаған ағашты тексерген.
"Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері Абай даңғылы, 21 мекен-жайы бойынша құлаған ағаш діңін тексерді. Визуалды тексеру барысында ағаштың қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды. Құлау себебін анықтау үшін ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, сараптама жасалады. Қорытынды нәтижелері кейінірек ұсынылады", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ағаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Өңірлер
Ағаш материалдарының кейбір түрін елден шығаруға тыйым салынды - министрлік
Жаңалықтар
0