https://sputnik.kz/20221223/kokshetau-turgyny-ayelin-pyshaqtap-ketti-30562797.html
Ағаш материалдарының кейбір түрін елден шығаруға тыйым салынды - министрлік
Ағаш материалдарының кейбір түрін елден шығаруға тыйым салынды - министрлік
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. 9 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды индустрия... 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T12:28+0500
2022-12-23T12:28+0500
2022-12-23T12:57+0500
өңірлер
көкшетау
әйел
пышақ
https://sputnik.kz/img/old/906/98/9069809_0:133:3086:1869_1920x0_80_0_0_0be251aa92d4d4910025d4e3dae80dfd.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. 9 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.Бұл шектеу 2019 жылдан бастап енгізіліп, әр 6 ай сайын ұзартылып келеді. Тыйым отандық тауар өндірушілерді, ағаш өңдеушілерді және жиһаз өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды қолдау және орман қорын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. "Егер де орман қоры Қазақстан аумағының шамамен 15%-ін алып жатқанын ескерсек, өңдеуге тек 4-5%-і ғана берілетінін ұмытпау қажет. Бұл орайда қоршаған ортаны қорғап, орманды алқапты ұлғайту үшін елімізден ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынатынын ескертеміз. Ресми статистика бойынша биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағашы шығарылған жоқ", - деді индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасның басшысы Мұхамед Андаков. Бұл бұйрықта теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар есепке алынбайды.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/906/98/9069809_357:0:3086:2047_1920x0_80_0_0_d254715c6831435b5904eeec539cf9b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, әйел, пышақ
Ағаш материалдарының кейбір түрін елден шығаруға тыйым салынды - министрлік
12:28 23.12.2022 (жаңартылды: 12:57 23.12.2022) АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. 9 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бұл шектеу 2019 жылдан бастап енгізіліп, әр 6 ай сайын ұзартылып келеді.
Тыйым отандық тауар өндірушілерді, ағаш өңдеушілерді және жиһаз өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды қолдау және орман қорын сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
"Егер де орман қоры Қазақстан аумағының шамамен 15%-ін алып жатқанын ескерсек, өңдеуге тек 4-5%-і ғана берілетінін ұмытпау қажет. Бұл орайда қоршаған ортаны қорғап, орманды алқапты ұлғайту үшін елімізден ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынатынын ескертеміз. Ресми статистика бойынша биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағашы шығарылған жоқ", - деді индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасның басшысы Мұхамед Андаков.
Бұл бұйрықта теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар есепке алынбайды.