АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек - энергетика министрлігі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЧеловек кладет на место "пистолет" автозаправочной станции
Человек кладет на место пистолет автозаправочной станции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
"АИ-92 автобензинінің шекті бағасы мемлекеттік реттеуге байланысты литрі 205 теңгеден аспауы тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының "пистолетінен" шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін", - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, демалыс кезеңі және сұраныстың артуына байланысты жанармай құю станцияларының ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) АИ-95 бензині импортталуы мүмкін.
Қазір Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және АИ-92, АИ-95, өтінім болған кезде АИ-98 бензинін өндіреді.
Қазақстанда АИ-95 жанармайының 12 күнге жететін қоры бар. Ал АИ-92 бензинінің қоры - 257,1 мың тонна, бұл 18 күнге жететін қор.
Министрліктің хабарлауынша, жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылған кезде бензин жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаяды.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін – министр
Жаңалықтар
0