АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін – министр

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қордың жетіспеуінен АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, АИ-92 бензині елімізде жеткілікті. Мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында 23 күнге жететін қор тұр.
"Бізде АИ-95 бензині бойынша белгілі бір тәуекелдер пайда болды. Оның бағасы өсуі мүмкін, бірақ бұл реттелмейтін сала, өйткені жазғы маусымда сапарлар саны артады, әсіресе курортты аймақтарға. Осыған байланысты біз дәл осы 95-ші бензин бойынша тәуекелдерді байқап отырмыз", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Ол министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Көрші Ресейден АИ-95 бензинінің қажетті көлемін импорттау бойынша мұнай өңдеу ұйымдарымен және желілік компаниялармен жиын өткен.
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2023
ЕАЭО елдерінде бензин арзандады
Жаңалықтар
0