Қоғам

ҰҚК "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директорын ұстады

© Photo : ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҰҚК "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директорын ұстады
ҰҚК Азаматтарға арналған үкімет филиалының директорын ұстады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
Ол пара алды деген күдікке ілініп отыр
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Абай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры ұсталды.
"27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директорын ұстады", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағы (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.
Филиал директоры Семейде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қылмыстық іс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Министр "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығына қатысты іске түсініктеме берді
Жаңалықтар
0