https://sputnik.kz/20230314/ministr-azamattarga-arnalgan-ukimet-basshylygyna-qatysty-iske-tusinikteme-berdi-32905474.html
Министр "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығына қатысты іске түсініктеме берді
Министр "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығына қатысты іске түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы... 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T13:02+0500
2023-03-14T13:02+0500
2023-03-14T13:02+0500
азаматтарға арналған үкімет
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_06bacb2f30478fb1f85a9220816da706.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшылығына қатысты "іс қозғалды" деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін БАҚ-та Қаржы мониторингі агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарланған еді. Тараған ақпаратқа сәйкес, агенттік қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығының кабинеттерінде тінту жүргізген."Сүйеніш Әбділдин ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорциясы" КЕАҚ басқарма төрағасы) жұмыста. Кеше жиналысқа қатысты. Агенттіктің қызметкерлері келіп, тиісті сұрақтар қойған. Бұл істің мән-жайын сол ведомстводан сұрай аласыздар. Бұл мәселе біздің министрліктің құзыретінде емес", - деп жауап берді Бағдат Мусин үкімет кулуарында.Министр Әбділдинді кезінде өзі тағайындағанын айтты."Мен оны жақсы жағынан сипаттай аламын. Іскер, үш тілді жетік меңгерген, ұйымдастыру қабілеті бар, біліктілігі жоғары азамат", - деді цифрлық даму министрі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_2ab70ded8dcf3c12e67b946d2d0f527a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азаматтарға арналған үкімет
азаматтарға арналған үкімет
Министр "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығына қатысты іске түсініктеме берді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшылығына қатысты "іс қозғалды" деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Қаржы мониторингі агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарланған еді. Тараған ақпаратқа сәйкес, агенттік қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығының кабинеттерінде тінту жүргізген.
"Сүйеніш Әбділдин ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорциясы" КЕАҚ басқарма төрағасы) жұмыста. Кеше жиналысқа қатысты. Агенттіктің қызметкерлері келіп, тиісті сұрақтар қойған. Бұл істің мән-жайын сол ведомстводан сұрай аласыздар. Бұл мәселе біздің министрліктің құзыретінде емес", - деп жауап берді Бағдат Мусин үкімет кулуарында.
Министр Әбділдинді кезінде өзі тағайындағанын айтты.
"Мен оны жақсы жағынан сипаттай аламын. Іскер, үш тілді жетік меңгерген, ұйымдастыру қабілеті бар, біліктілігі жоғары азамат", - деді цифрлық даму министрі.