Талдықорғанда 700-ге жуық сәбиге дәрі қобдишасы берілмеген

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуВрач кормит ребенка в родильном отделении
Врач кормит ребенка в родильном отделении - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 шілде – Sputnik. Талдықорған қаласының прокуратурасы тегін берілетін дәрі қобдишасын 700-ге жуық нәресте алмағанын анықтады, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.
Айта кетері, заңға сәйкес ана мен балаға перзентханадан шыққанда "Алғашқы медициналық көмек қобдишасы" міндетті түрде берілуі керек.

"Алайда Талдықорған қаласының медициналық ұйымдарында (босандыру) көрсетілген заңнама талаптары орындалмаған. Прокуратураның тексерісінен кейін 673 жаңа туған нәрестеге тегін дәрі қобдишасы берілді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Білім
Баланы мектепке дайындау үшін кімдерге 40 567 теңге беріледі
Жаңалықтар
0