https://sputnik.kz/20230728/balany-mektep-dayyndau-40-567-tenge-beriledi-37075252.html
Баланы мектепке дайындау үшін кімдерге 40 567 теңге беріледі
Баланы мектепке дайындау үшін кімдерге 40 567 теңге беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады. Ата-аналар мемлекеттен берілетін... 28.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-28T10:48+0500
2023-07-28T10:48+0500
2023-07-28T10:48+0500
білім
мектеп
ақша
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27064832_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_e972f2752349daabfbb752a3df0882ab.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады. Ата-аналар мемлекеттен берілетін ақшаға мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды өздері таңдап сатып ала алады.Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, биыл әр оқушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Ақша ата-аналардың шотына аударылады.Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді."Жалпыға бірдей оқыту" қоры мына балаларға қаржылай көмек көрсетеді:Еске салсақ, былтыр мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған болатын.
https://sputnik.kz/20230724/birinshi-synypqa-qabyldau-bir-aptadan-son-ayaqtalady-36966069.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27064832_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_a47909ae20a64a8aa998d4f862eeac79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, ақша
Баланы мектепке дайындау үшін кімдерге 40 567 теңге беріледі
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады. Ата-аналар мемлекеттен берілетін ақшаға мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды өздері таңдап сатып ала алады.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, биыл әр оқушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Ақша ата-аналардың шотына аударылады.
"Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата - аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.
Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді.
"Жалпыға бірдей оқыту" қоры мына балаларға қаржылай көмек көрсетеді:
атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
төтенше жағдайға тап болған оқушыларға (соның ішінде Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың балалары да бар).
Еске салсақ, былтыр мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған болатын.