Бірінші сыныпқа қабылдау бір аптадан соң аяқталады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБілім күні
Білім күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті.
"Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Айта кетері, құжат қабылдау 1 сәуірден басталды, 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%, қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.
Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0