Қазақстандықтар елге 11 мыңнан астам электромобилді жеңілдікпен әкеле алады

© AP Photo / Bilal HusseinЭлектромобиль
Электромобиль   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Жыл соңына дейін 11 мыңнан астам электромобилді кедендік баждар мен салықтарды төлеместен әкелуге болады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерді бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген. ЕЭК шешіміне сәйкес, 2023 жылы 15 мың электромобилді жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілді. Жыл басынан бері 3 442 электромобиль әкелінді. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін 11 558 кедендік баждар мен салықтарды төлеместен әкелуге мүмкіндік бар.
"Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Алайда жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.
Осень в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Шымбұлаққа электромобильдерді ғана кіргізеді
Жаңалықтар
0